Новости : 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!


Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді шын жүректен 1 қыркүйек - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні өркениетті адамзат өмірінде ең маңызды қадам - білім қақпасы ашылады.
1 қыркүйек - айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталды. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Осы күні, таңнан бастап қала көшелерінен сәнді киінген, қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушыларды көрмеу, байқамау мүмкін емес.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен жаңашылдықтарға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

E-mail: maslihat_akkol@mail.ru
Контактный телефон: 8 (716 38) 2-25-73
2-03-33